376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Fokker-100 ұшақтарының осыған дейін бесеуі апатқа ұшыраған

  • 153
  • UPD: 13:04, 27.12.2019

Fokker-100 орта қашықтыққа арналған ұшақ Голландияның Fokker әуе компаниясында 1980 жылдары шығарыла бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш рет 1986 жылы ұшқан. Ол шамамен 107 жолаушыны тасымалдауға арналған. Тиімсіз менеджменттің әсерінен әуе компаниясы 1996 жылы банкрот болған. Ал 1997 жылы ұшақты шығару тоқтатылды. Әуе компаниясы жалпы бұл маркадағы 283 әуе кемесін жасаған. Осыдан он үш жыл бұрын ұшақ әлемдегі 47 әуе компаниясында болған екен. Бүгінге дейін оның бесеуі апатқа ұшырады. Ал Bek Air әуе компаниясында осы маркадағы он шақты ұшақ бар. Олар осы кезге дейін ел ішінде 14 бағытта қатынап келді.

Хабар 24 телеарнасы