378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұшақ апаты: құтқару жұмыстары жалғасуда

  • 218
  • UPD: 12:56, 27.12.2019

Алматыдағы ұшақ апатынан алдын ала деректерге сәйкес, 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақ екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Апаттан аман қалғандарды ауруханаға жеткізілді. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұшақ құлаған төңірек толығымен қоршауға алынды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия құрылды.

Марат Құштыбаев, Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазір оқиға орнында Алматы қаласының құқық қорғау органдары мен құтқару қызметі шұғыл жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ұшақ құлаған төңірек толығымен қоршауға алынды. Апаттан аман қалғандар ауруханаға жеткізіліп жатыр. Мұнда арнайы комиссия құрылды.

Хабар 24 телеарнасы