380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұшақ апаты: куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

  • 609
  • UPD: 15:53, 27.12.2019

Ұшақ бортында болған жолаушылардың бірі Гүлнар Көшенова төтенше жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гүлнар Көшенова, ұшақта болған жолаушы:

– Мен борттың артқы жағында отырдым. Біз ұшқан сәттен бастап ұшақ дірілдей бастады. Кейінірек салондағы қол жүктері құлады. Мен қауіпсіздік белдігін байланған бойы басымды бұғып отырдым. Тоқтаған соң, басымды көтерсем, ер азаматтардың бірі апаттық есікті ашып, жолаушыларды сыртқа шығара бастады. Әйелдер мен балаларға жігіттер көмектесті. Бірден жан-жаққа, әуежайға хабарластық. Күзет көлігі, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келді. Ол кезде қараңғы болды. Сыртқа шығарған адамдарды автобуспен әуежайға апарып, бірінші кезекте жағдайы ауыр адамдарға медициналық көмек көрсетті.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 14 адам қаза тапқан. Әзірге жетеуінің ғана аты-жөні белгілі болып отыр. Сондай-ақ, зардап шеккен 23 адамның жеке бас мәліметі анықталды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылды.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 7:22 шамасында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты Елбасы Н.Назарбаев қара жамылған  отбасылардың қайғысына ортақтасты.

Осыдан 6 жыл бұрын дәл осы Қызылту ауылы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Хабар 24 телеарнасы