377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ апаты: сарапшы пікірі

  • 173
  • UPD: 19:24, 27.12.2019

Техниканың істен шығуы, ауа райының қолайсыздығы және адами фактор.

Авиациялық оқиғалар мен оқыс жайттарды тергеу жөніндегі басқарманың бас сарапшысы Дархан Оспановтың айтуынша, ұшақтың құлауына осы айтылғандардың біреуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге болжам айту қиын. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Әрине ол бірден белгілі болмайды. Сараптама жасап, зерттеу шараларын жүргізуге біршама уақыт қажет. Осы іске қатысты құрылған комиссияның құрамында аталған басқарма қарайтын Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің де өкілдері бар.

Дархан Оспанов, ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының бас сарапшысы:

– Ұшаққа қатысты осы жылдың мамыр айында инспекциялық тексеру жүргізілген. Ол кезде барлығы талапқа сай болған. Құжат бойынша әуе кемесінің техникалық жағдайы талапқа сай. Менің білуімше, біздің елемізде Фоккер-100 ұшағын тек қана «Бек эйр» компаниясы ғана пайдаланады. Қазір мұндай ұшақ шығарылмайды. Ал ол зауыт әуе кемелеріне жөндеу жүргізумен ғана айналысады.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Хабар 24 телеарнасы