376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұшақ апатына адами фактор әсер етуі мүмкін – сарапшы

  • 216
  • UPD: 19:28, 27.12.2019

Алматыда болған әуе апатына екі нәрсе себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірі – ұшақтың алдыңғы бөлігін мұз қаптауы. Ал екіншісі – адами фактор. Әуе апаттарының себептерін зерттейтін биотехнолог Әмір Қуат осындай пікірде. Оның айтуынша, гелиофизикалық дағдарыс кезінде адамның ойлау қабілеті мен оны іске асыру уақыты баяу болады. Ал сын сағатында ұшқыштардың шұғыл әрекет етуі маңызды.

Әмір Қуат, биотехнолог:

– Өзімнің жеке пірірім. Бір-біріне сәйкес келетін бірнеше фактордан болуы мүмкін деп ойлаймын. Әуе кемесінің бөлігін мұз қаптаған кезде ұшқыштардың қабылдайтын шешімдері өте маңызды. Сондықтан әр секунд маңызды деп айтуға болады.Экипаждың теріс шешім қабылдауы мүмкін. Соған тура келіп тұр.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Хабар 24 телеарнасы