377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bek Air әуекомпаниясы жыл соңына дейін жоспарланған рейс билеттерін қайтарып жатыр

  • 198
  • UPD: 19:20, 27.12.2019
Bek Air әуекомпаниясы жыл соңына дейін жоспарланған рейс билеттерін қайтарып жатыр

Bek Air әуекомпаниясы барлық бағыт бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асуы тиіс рейс билеттерін қайтарады.

Бұл туралы компанияның facebook-тегі ресми парақшасында жазылды.

Ұшақ билетінің қаржысын кері алу үшін оны сатып алған орынға жүгіну шарт.

Егер билет әуекомпанияның сайты арқылы алынса, оны қайтару үшін callcenter@bekair.aero электронды поштасына өтініш жіберу керек.

Хабар 24 телеарнасы