375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Соққы қатты болды»: апаттан аман қалған жолаушы қай орында отырғанын айтты

  • 319
  • UPD: 17:46, 27.12.2019
«Соққы қатты болды»: апаттан аман қалған жолаушы қай орында отырғанын айтты

Ұшақ апатынан аман қалғандардың бірі – алматылық кәсіпкер Аслан Назарәлиев.

Ол Нұр-Сұлтан қаласына бір күндік жұмыс сапарымен жолға шыққан екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Ұшақ орнынан қозғалған соң 1 минуттан кейін-ақ дірілдеп шайқала бастады», - дейді Аслан. Соған қарамастан ұшақ жылдамдығын күшейте берген. Оның көз алдында 14-қатар опырылып түскен, жолаушының өзі 15-қатарда отырған. Ары қарай қалай болғанын Асланның өз аузынан естісек.

Аслан Назарәлиев, жолаушы:

- Бір уақытта қатты сілкілеп, дірілдеп, меніңше, пилоттар ұшақты бақылай алмай қалған сияқты. Сол кезде менің телефонымды қалтама салып, белімді қатты тартып, қазір құлауға дайындалдым, шыны керек. Бір ғана ойыма келгені – бала-шағам не істейді деп ойладым. Өйткені соған қатты уайымдадым. Екі қызым бар, келіншегім бар. Бірақ өзімді жинақы ұстадым, құлайтынын сездім. Сосын көтеріліп барып, төмен қарай иіліп, жерге қарай құлады ғой ұшақ. Менің сол кезде ең соңғы көргенім –алдымдағы 14-қатардағы отырған кісі, сол жағымда отырған кісінің бәрін басып қалды. Мен 15-қатарда отырдым. Соққы қатты болды. Құлағымдағы наушник, көзімдегі очкидің бәрі ұшып кетті. Қай жаққа ұшып кеткенін білмеймін. 

Хабар 24 телеарнасы