380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада №60 автобустың бағыты өзгереді

  • 106
  • UPD: 18:37, 27.12.2019
Елордада №60 автобустың бағыты өзгереді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап №60 автобустың бағыты өзгереді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бұқар жырау көшесінің тұрғындары мен №85 мектеп-лицей оқушыларына көліктік қызмет көрсету мақсатында №60 автобустың бағыты өзгереді», - делінген хабарламада.

Қоғамдық көлік Сауран көшесі арқылы қатынап, «№85 мектеп-лицей», «Бұқар жырау», «Времена года. Весна» ТҮК» және «Arman Deluxe» аялдамаларында тоқтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы