423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зардап шеккендерге жергілікті тұрғындар да көмек көрсетті

  • 569
  • UPD: 21:54, 27.12.2019

Бүгінгі қайғылы апат ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ. Күні бойы оқиға орнында кішкентай баладан еңкейген қарияға дейін қол ұшын созысып, жәрдемін беруде.

Апат орнына жан-жақтан еріктілер мен сол маңайдағы ауыл белсенділері келіп жеткен. Барлығы да мессенджерлер арқылы хабарлама алып, құтқару жұмыстарына атсалысуда. «Қабырғамызды қайыстырған қайғылы оқиғаны көріп, отыра алмадық», - дейді ұшақ құлаған көшенің тұрғыны Серікбай Ғалымжан. Ол таңғы 07:00-ден кете қатты жарылысты естіп, оқиға орнына бірінші болып жетіпті.

Серікбай Ғалымжан, Гүлдала ауылының тұрғыны:

- Барып көрдім өзім. Көріп, керек болса, көмегімді көрсетейін деп үйге де шақырдым кейбір адамдарды. Бағана тағы да барып көрдім түстен кейін. Басында қатты көп адам келмеді. 08:00-ге дейін. Сегізден кейін қаптап кетті. Кептеліс болып, мына жерлердің барлығы адасып, сосын барып өзім көрсетіп жолдарды. Қолдан келгенше көмектесеміз.

Темірғали Еркін, ерікті:

- Менің ойымша, ауыл тұрғындары өте белсенді қатысып жатыр түгел мұғалімдер, ата-аналар, барлығы бір-біріне көмектесіп, бірі күріш алып келсе, бірінеше қазан плов алып келді, көже, бешбармақ бәрін алып келіп жатыр, өте жақсы өте ұйымшыл. Қызы да, ұлы да, жасы да, кішкентай балаларға дейін бәрі жүр.

Ғалым Дәулетшин, еріктілер тобының жетекшісі:

- Мешіттерде кәдімгідей тамақ әзірлеп дайындап, біз «Нұрлы жүрек» еріктілер тобы бар, басқа да жан-жақтан көмектескен кісілер бар. Бәріміз бірігіп, керек-жарақты заттарды алып келіп, осы жерге тамақтарын салысып, таратып, шайларын таратып, осы жерде жүрген әскерилерге, басқа да көмектесіп жүрген жандарға көмектестік. Соларға аз да болса, қол ұшымызды тигізіп қайттық.

Хабар 24 телеарнасы