380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ апаты: құтқару шараларына 1000-ға жуық адам жұмылдырылды

  • 270
  • UPD: 22:12, 27.12.2019
Ұшақ апаты: құтқару шараларына 1000-ға жуық адам жұмылдырылды

Апат болған маңайдағы құтқару операциясына түрлі құрылымдардан 1 мыңға жуық адам мен 70-тен астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, оқиға орнында 33 жедел медициналық көмек бригадасы жұмыс істеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің іс-әрекеттерін үйлестіруге арналған республикалық жедел штаб құрылды. Комитеттің ахуалдық орталығында, Алматы және Қостанай облыстарында зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін «жедел желі» жұмыс істеді.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

 

Хабар 24 телеарнасы