376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында мас күйінде көлік тізгіндеу деректері артқан

  • 99
  • UPD: 09:47, 28.12.2019
Маңғыстау облысында мас күйінде көлік тізгіндеу деректері артқан

Маңғыстау облысында мас күйінде көлік басқарғандар саны артқан. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыс прокурорлары мәлімдеді.

Мәселен, биыл спирттік ішімдік ішіп алған 1580 жүргізуші ұсталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 162 адамға көп. Ал соңғы 5 жылда 8159 көлік иесінің араққа сылқия тойып алып, жолда жүргені анықталды. Дегенмен, биыл аймақта жол апаты 17 процентке төмендепті. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жылдамдықты арттыру мен үй жануарларына қақтығысу салдарынан болған. Ал 174 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбей, заң бұзған. Маңғыстаудағы ең қауіпті аймақ – Ақтау-Жаңаөзен автожолы. Жол апатының басым бөлігі осы жол бойында жылдамдықты сақтамау әсерінен болады екен. 

Ержан Тұрмағамбетов, облыс прокурорының орынбасары:

- Жол-көлік оқиғалары түнгі мезгілде ме, әлде күндіз бе осыған және жас мөлшеріне талдау жан-жақты мән берілді. Осы жергілікті атқарушы билікке, әкімшілікке тапсырма берілді. Ұсынысымызды жібердік. Прокуратураның атынан заң бұзушылықты болдырмау жөнінен. Яғни көшені жарықтандыруды ұсындық. Ал полиция департаментіне ең қауіпті аймақтарды анықтап, ол жерлерге жол белгілерін қою тапсырылды. Барлық шаралар қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы