378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құлаған ұшақтың пилоты апат кезінде қалыптан тыс жәйтпен күрескен – Тәуелсіз сарапшы

  • 244
  • UPD: 10:32, 28.12.2019

Тәуелсіз техникалық сарапшы Юрий Антипов құлаған ұшақтың бейнежазбалары мен фотоларына қарап, оның фюзеляжына мұз қатпаған деген пікірде. Маман апат экипаждың қателігінен болуы да екіталай екенін айтты.

Сарапшының айтуынша, жолаушлырдың аман қалуы және куәгерлердің бейнетүсірілімдері мен фотолары ұшақ көкке көтеріле бергенде қозғалтқышта ақау пайда болғанын көрсетеді дейді сарапшы.

Юрий Антипов, тәуелсіз сарапшы:

- Жолаушылар ұшақ көтерілгенде қатты дірілдеп, көп шу шығарғанын айтады. Яғни әуе көлігінде мұз қатып қалған күннің өзінде мұндай селкілдеу болмау керек еді. Ұшақ тек ауырлап, жерге құлап түседі. Немесе оның қанатын басқару геометриясы өзгереді. Мен бұл жерде оны көріп тұрған жоқпын. Жапқыштар дұрыс бағытта болған. Ал сол жақтағы шеткі элерон ұшақты оң жаққа бұруға кедергі келтірген секілді. Яғни бұл пилоттың ұшақтың қалыптан тыс әрекетімен күрескенін көрсетеді. Сондықтан кеменің оң жағындағы қозғалтқышта ақау пайда болды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы