429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Qazaq Air компаниясы «Бек Эйр» жолаушыларын тасымалдауға ниет танытты

  • 657
  • UPD: 12:25, 28.12.2019

Qazaq Air әуе компаниясы да еліміз бойынша ұшуға тыйым салынған «Бек Эйр» жолаушыларын тасымалдауға ниет білдірді.

Компания таратқан мәлімет бойынша Алматыда болған қайғылы жағдайға байланысты осындай шешім қабылданды. Яғни, төтенше жағдайға тап болған «Бек Эйр» рейстерін отандық басқа да әуе компаниялары орындайды. Бұл ретте, ұшақта бос орындар табылып, сатып алынған билет құны «Қазақ Эйр» белгілеген тарифтен аспайтын болса жолаушылар тегін тасымалданады.

Хабар 24 телеарнасы