376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі

  • 225
  • UPD: 14:32, 28.12.2019

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының қара жәшігі Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Кеше премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен сөйлесті. Маман Мәскеуден бүгін кешке 18:40-та Алматыға келеді. Жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ертең қара жәшік оқылу үшін Мәскеу қаласындағы Мемлекетаралық авиация комитетіне жіберіледі. Дүйсенбіден бастап жұмыс басталады», - деді ОКҚ брифингінде.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы