376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «112» диспетчерлік қызметі жұмысын бастады

  • 117
  • UPD: 13:26, 28.12.2019
Оралда «112» диспетчерлік қызметі жұмысын бастады

Оралда 112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметі жұмысын бастады. Жаңа орталық облыстық полиция департаментінің ғимаратында орналасқан.

Жобаның тиімді тұстары аз емес. Мәселен, бұдан былай 101, 102, 103 және төтенше жағдайлар қызметтері өзара бірлесіп әрекет етпек. Сонымен қатар, осы қызметтердің ресурстарын ұтымды пайдалануға, жұмыс тиімділігін кешенді талдауға мүмкіндік туып отыр. Мамандардың айтуынша, 112 нөміріне түсетін қоңыраулардың 80 процентінің төтенше жағдайлар қызметіне қатысы болмайды екен. Тың жобаның көмегімен жедел қызметтерге түсетін жалған және анықтамалық қызметтер саны азаяды.

Айта кету керек, былтыр өрт қызметіне 16 мың, төтенше жағдайлар қызметіне 180 мыңдай қоңырау түскен. Полицияға 112 мың, ал жедел-жәрдем қызметіне 277 мың адам хабарласыпты. 

Сәкен Нұртазаев, облыстық цифрландыру басқармасының басшысы: 

- Кейде қоңыраулардың көптігінен желіде қиындықтар туындайтыны рас. Цифрландыру технологиясының көмегімен бұл мәселені толықтай шешіп отырмыз. Әзірге тестілік  режимде жұмыс істеп жатырмыз. Барлық кеңесшілер арнайы оқу-жаттығудан өтті. Бәрі де өз жұмысын жақсы біледі.

Хабар 24 телеарнасы