377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 11 медицина мекемесінің құрылысы басталады

  • 146
  • UPD: 13:02, 28.12.2019
Алматы облысында 11 медицина мекемесінің құрылысы басталады

Алматы облысында алдағы жылы 11 жаңа медицина мекемесінің құрылысы басталады. Оның ішінде заманға сай инсульт орталығы да болады.

Ол Алатау баурайындағы алып шаһар Алматының іргесіндегі Қарасай ауданында ашылады. Қазір Жетісу жерінде осындай 6 орталық жұмыс істеп тұр. Жаңасына соңғы үлгідегі қондырғы, құрал-жабдықтар қойылады. Аудандық ауруханаларды жаңа техникамен қамтамасыз ету де жоспарда бар. Сонымен қатар өңірде ескі денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіруге арналған үш жылдық бағдарлама қабылданбақшы. Соған сәйкес, облыстағы 127 медицина мекемесі күрделі жөндеуден өтеді. 

Бауыржан Ысқақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Халыққа берілетін қызмет мүмкіндігін кеңейту үшін біз мына ГЧП дейді, соның арқасында компьютерлік тамограф, ангиограф, МРТ дейміз, соларды алуға инвесторларды келісім-шарттарға шақырып жатырмыз. Соның арқасында әр ауданда жаңағы адамдардың санына қарай медициналық техника орнатылады.

Хабар 24 телеарнасы