423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі бұрынғы полигонда радиациялық ахуалды бақылау тиімдірек жүргізілмек

  • 499
  • UPD: 14:03, 28.12.2019

Бұрынғы Семей сынақ алаңы мен оған жақын аумақтарда радиациялық ахуалды бақылау енді 2 есе тиімді жүргізілмек.

Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықта жаңа зертханалық ғимарат осы мақсатта ашылып отыр. Озық құрал-жабдықтармен жарақталған кешенде кез-келген радиациялық ауытқуларды дер кезінде анықтап, тіркеуге мүмкіндік бар. Шетелдік әріптестердің тәжірибесі негізінде жаңа нысанда толық оқшауланған зертханалық бөлме бар. Онда халықаралық талаптарға сәйкес сапалы зерттеулер жүргізуге болады. Ең бастысы, зертханалық зерттеулер радиациялық ластанған аумақтар  туралы жан-жақты әрі шынайы ақпарат жинап, халық ішінде таралған түрлі қорқынышты сейілтуге жол ашады.

Медет Ақтаев, ҚР ҰЯО Мониторинг және зерттеу зертханасының меңгерушісі:

- Бұрын жоқ кезде біз қалыптасқан әдістерді қолдандық. Радиациялық, химикалық, гидрогеологиялық өлшеулер дала жұмыстарын жүргіздік. Ал бұл құрылғы пайда болғалы біздің судың тікелей өзінің құрамын анықтау арқылы қандай физикалық үрдістерден өткенін анықтай аламыз. Ол дегеніміз жаңбыр суы ма немесе күн сәулесінен буланған су бола ма, әлде енді ғана пайда болған бұлақтың суы ма екенін тікелей судың өз құрамын молекулалық анықтау арқылы білуге болады.

Хабар 24 телеарнасы