376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Апаттан аман қалған азаматтардың кейбірі елордаға пойызбен жетті

  • 164
  • UPD: 16:04, 28.12.2019

Апаттан ажал құшқан бір адамның мәйіті бүгін таңертең Аламтыдан елордаға жеткізілді.

 Тілеген Əбішев, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық əуежайының баспасөз хатшысы:

- Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 8-де Эйр Астана әуе компаниясының 951-ұшағымен елордамызға кешегі ұшақ апатынан қаза болған бір әйел адамның мүрдесі жеткізілді. Және түстен кейін тағы бір азаматшаның мәйіті жеткізіледі деп күтілуде. 

Елорданың әуежайындағы орталық штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Апаттан көз жұмғандар мен зардап шеккендердің жақындарына жалпы саны 100 шақты адам көмек көрсетуде. Кешегі әуе көлігінде болған адамдардың жақындарынан ұзын ырғасы 31 азамат осы кезге дейін бас қаладан Алматыға жеткізілген. Оның 18-і бүгін таңғы сағат бестің шамасында Эйр Астананың ұшағымен ұшып кетіпті. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Орталық штабтағылар айтады. Кешегі апаттан қатты зардап шегіп, жансақтау бөліміне түскен адамдардың жағдайы ауыр тұрақты болып, оның барлығы бүгін жалпы палаталарға ауыстырылған. Ал апаттан аман қалған жолаушылардың бірі Алматыдан елордаға келіп алған екен. Тек ұшақпен емес. Пойызбен. Енді қалғандарының қашан келетіні әзірге беймәлім. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы