376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдықтар ұшақ апатының құрбандарын еске алды

  • 157
  • UPD: 15:59, 28.12.2019

Адамдардың өмірін жалмаған ұшақ апаты оралдықтардың да қабырғасын қайыстырды. Бұл күні өңірдегі барлық мекемелерде мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Ал студент жастар қаланың бас алаңына жиналып, апат кезінде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Қайғыны бөліссе азаяды. Қапияда ажал құшқан бауырларды еске алуды парыз деп білеміз. Біреуге ана, біреуге әке болған талай адамды арамыздан жұлып кеткені арқамызға аяздай батады» дейді аза тұту күні алаңға гүл шоқтарын қойған оралдықтар. 

Құралай Ақболатова, студент:

- Батыс Қазақстан облысы жастарының атынан осы Қазақстанда болған оқиғаға жастардың атынан қайғырып көңіл айтқымыз келеді. және де ауыр халге ұшырағандарға жазылып кетсін деп тілек айтамыз. 

Ақбота Мұхсинова, колледж оқытушысы:

- Аза тұту күні болғандықтан кешегі бауырлас қандастарымыз ұшақ апатынан қайтыс болған, ауыр халде жатқан қандастарымызға, отандастарымызға өзіміздің көңілімізді айтып, барлығымыз бірге екенімізді білдіргіміз келеді. Әрқашанда ел басына күн туғанда бірге екенімізді блдіргіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы