377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік жастар қаралы жиын өткізді

  • 171
  • UPD: 18:55, 28.12.2019

Шымкенттік жастар «Абай» саябағындағы алауға барып, отандастарымыздың қазасына орай қаралы жиын өткізіп, аза тұтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғысы зілбатпан ауыр қаза бар қазақтың қабырғасын қайыстырып кетті. «Өңір халқы мұндай қайғылы жағдайды басынан өткерді. Ауыртпалықты қайыспай көтере білді», - дейді іргелі оқу орнының студенттері. Олар қазақ халқына қайғыра көңіл айтып, елді сабырға шақырды.

Дінислам Әлжан, студент:

– Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, Алла осы аман қалған азаматтарға өмір сыйлап, шипа тілеп, олардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Қайғылы оқиғадан қаза болғандарды еске алып жатырмыз.

Сәкен Мәжімбеков, М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры:

– Өзіміздің университетіміздің атынан және жастарымыздың атынан бүгінгі осы қайғыға ортақтасып, қайғыны бөліссең жеңілдейді деген. Барлық осы жердегі қаза болғандардың туған-туыстарына қайғыра отырып көңіл айтамыз. Егер қажет болып жатқан жағдайда көмек, басқа да заттар керек болып жатса, біздің қаланың және университет жастары әрдайым дайын екенімізді айтқым келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы