375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандықтар ұшақ апатынан қаза тапқан жандарды аза тұтты

  • 182
  • UPD: 18:52, 28.12.2019
Түркістандықтар ұшақ апатынан қаза тапқан жандарды аза тұтты

Түркістан жұрты да ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс, қала әкімшілігінің ғимаратынан бастап, барлық мемлекеттік мекемелер туларын төмен түсірді. Бүгінгі күнге жоспарланған мерекелік іс-шаралар мен ойын-сауықтар және корпоративтік кештер кейінге шегерілді. Жаңажылдық шыршаның шамы сөндіріліп, қаладағы барлық мерекелік безендіру мен иллюминациялар өшірілді. «Ықылас» мешітінде әуе апатынан бақилық болған азаматтардың рухына құран бағышталып, дұға жасалды. Мешітке жан-жақтан жиналған жамағат шейіт болған марқұмдардың рухына рахым тіледі. Жақындарынан айырылып, жанарлары жасқа толған жандардың жан жарасы оңайлықпен жазылмайтынын айтып, марқұмдардың туыстарына сабыр тіледі.

Нұрлан Тәжібаев, мешіттің бас имамы:

– Дүниеден өткен кісілердің отбасына сабырлық, тыныштық тілейміз. Сол ұшақ апатынан аман қалған және жарақат алған барша бауырларымызға Алла шипа берсін. Елімізді, жерімізді апаттардан сақтасын.

Хабар 24 телеарнасы