376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өз бағыттары бойынша ұша алмай қалған жолаушылар Алматы әуежайында наразылық білдірді

  • 116
  • UPD: 21:52, 28.12.2019

Кеше ғана өз қызметін тоқтатқан «Бэк Эйр» компаниясының жолаушылары Алматыда да нарызылықтарын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы халықаралық әуежайындағы «Бэк Эйр» компаниясының кассасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл жолаушылар кешеден бері өз бағыттары бойынша ұша алмай отыр. Тіпті олардың көбі әуежайда қонып қалған. Әсіресе, жаңажылдық мереке алдында үйлеріне қайту керек болған студенттер өте көп.

Жайқұлова Мәрия, студент:

– Мен студентпін. Ата-анам уайымдап отыр. Пәтерімді тапсырып тастағанмын. Енді баратын жерім жоқ.

Сағат 9-30-дан кейін өз кассаларын ашқан «Бэк Эйр» компаниясының қызметкерлері билет бағасы 100 пайыз қайтарылатынын айтып отыр. Ал «Эйр Астана» компаниясы «Бэк Эйр» әуе компаниясының жолаушыларын сатып алынған билет құнымен сол бағыт бойынша өздерінің бос орындарымен жеткізуді жауапкершіліктеріне алды. Бірақ ұшақтарында бос орын көп болмағандықтан, мәселе толық шешілмей тұр. Ал алдын ала алынған билеттер қалай және қай жерден сатып алынса, ақша да солай қайтарылады дегенімен, мұнда да жолашылар түрлі кедергілерге тап болды.

Ботагөз Жолдасбекова, қала тұрғыны:

– Мен бұл билетті олардың сайттарынан алдым. Жаңа қайтармақшы болып едім, қайтара алмай тұрмын. Өйткені, қазір ұшақ ұшып кетті деп жазылып тұр. Ұшақтың ұшуына әлі 5 минут бар. Ол ұшақ шын мәнінде жоқ. Call- центрге хабарластым, бос емес. Мен ешкіммен сөйлесе алған жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы