375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Air Astana» ұсынған билеттер құны «Bek Air» компаниясынікінен қымбат болмайды – ҚР ИИДМ

  • 189
«Air Astana» ұсынған билеттер құны «Bek Air» компаниясынікінен қымбат болмайды – ҚР ИИДМ

Air Astana компаниясы ұсынатын бағалар Bek Air компаниясы алғаш ұсынған билеттердің бағасынан қымбат болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Bek Air компаниясының 7 қаңтарға дейін тыйым салынған рейстеріне билет алған жолаушылар үшін Air Astana компаниясы орын болған жағдайда Bek Air компаниясынікінен қымбат емес баға ұсынатын болады», - делінген хабарламада. Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласына қатынайтын және 27-29 желтоқсан аралығында кері қатынайтын қосымша 5 рейс қосты. Air Astana әуе компаниясы Bek Air жолаушыларын қажетті жеріне уақытында жеткізу мақсатында ішкі рейстерді қосу жұмыстарын жалғастыруда.

Хабар 24 телеарнасы