412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында биыл 123 науқастан қатерлі ісік ауруы асқынбай тұрып анықталды

  • 536
  • UPD: 08:07, 29.12.2019
Алматы облысында биыл 123 науқастан қатерлі ісік ауруы асқынбай тұрып анықталды

Алматы облысында биыл 123 науқастан омырау безі мен өкпе рагы асқынбай тұрып анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатерлі ісік белгілеріне байланысты дер кезінде диагноз қою – Талдықорғанда ситуациялық орталықтың ашылуы арқасында мүмкін болды. Ол осы жылдың басында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске қосылды. Арнайы бағдарлама 16 ауданнан жиналатын рентген-түсірілімдеріне сараптама жасап, көлемі 1 миллиметрлік ісіктерге дейін анықтайды. Бұл орталықта осындай 250 мың зерттеу жүргізілген. Жетісулық дәрігерлер қазір талдау жұмыстарының үшінші кезеңіне аяқ басу мақсатында радиология және онкология институтымен келіссөз жүргізіп жатыр. «Облыс тұрғындары болашақта медициналық тексерістен өтіп, қатерлі ісік ауруларынан емделу үшін ел астанасы мен Алматыға сабылмайды. Енді бұл жұмыстардың барлығы облыс аумағында жүргізіледі», - дейді мамандар.

Бауыржан Ысқақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қатерлі ісіктер мен басқа да ісіктер жағынан жұмыс бүгінде жүргізіліп жатыр. Олар мониторингтен өткеннен кейін ары қарай жоспарлы түрде онкология және радиология институтымен келісе отырып, біз халыққа көрсетілу қызметінің деңгейін кеңейтеміз.

Хабар 24 телеарнасы