377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда Antikor Ortalygy ашылды

  • 184
  • UPD: 08:56, 29.12.2019
Атырауда Antikor Ortalygy ашылды

Оның міндеті – сыбайлас жемқорлықпен күрес, сонымен қатар тұрғындар мен мемлекеттік органдардың байланысын орнату.

Орталықта замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «open space» кабинеттері жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар мұнда департаменттің баспасөз орталығы мен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі орналасқан. Жалпы бүгінгі күні ел бойынша осындай 14 орталық ашылған. Салтанатты шарада құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосқан 10 қызметкер марапатталды.

Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Біздің осы сыбайлас жемқорлықтың сұрақтарын көтермей, қоғамның басқа да үлкен сұрақтары бар. Менің ойымша, мүмкіндіктер бар жиналуға да, келуге де жағдайдың бәрі жасалған. Соның өзінде мына жерде конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды өткізуге мүмкіндік болады.

Хабар 24 телеарнасы