376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы орманшылар Жаңа жыл мерекесіне қарсы қырағылықты күшейтті

  • 144
  • UPD: 10:38, 29.12.2019
ШҚО-дағы орманшылар Жаңа жыл мерекесіне қарсы қырағылықты күшейтті

Шығыс Қазақстан облысындағы орманшылар Жаңа жылға қарсы қырағылықты күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себеі мереке жақындаған сайын жасыл шыршаны баудай түсіретіндер көбейеді. Сондықтан аудан-қалалардың кіреберістеріне арнайы тексреу бекеттері орнатылды. Ол жерде орманшылар тәуілік бойы кезекшілік атқарып, ары-бері өткен көліктерді тексереді. Тек Тархан орман шаруашылығында 6 мобильді топ құрылды.

Бейбіт Омарбеков, Тархан орман шаруашылығының бас инженері:

- Осындай жұмыстардың арқасында соңғы жылдары шыршаны заңсыз кесу деректері тіркелген жоқ. Яғни, адамдар бұған деген айыптаулардың жоғары екенін және орманның қатал күзетілетінін білді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы