405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әкімі ұшақ апатынан мерт болғандардың отбасыларына барды

  • 434
  • UPD: 13:50, 29.12.2019
Алматы әкімі ұшақ апатынан мерт болғандардың отбасыларына барды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына барып қайтты.

Бұл туралы Алматы әкімдігінің өкілі Әсет Мақажанов Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін кешкісін апатқа ұшыраған ұшақта мерт болған: Кайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов және Валерия Ануфриеваны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Алматы әкімі олардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді», деп жазды Әсет Мұқажанов.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатқан Bek Air компаниясының 2100 рейсі кенет апатқа ұшырап, бетон қоршауды бұзып өтті. Артынан ұшақ екі қабатты ғимаратқа соқтығысып, 12 адам қаза болды.

Хабар 24 телеарнасы