425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түнгі ауысымда елордадан 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

  • 453
  • UPD: 15:50, 29.12.2019
Түнгі ауысымда елордадан 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

Кеше түннен бері елорда сыртындағы полигонға қаладан 14 138 текше метр қар шығарылды, деп абарлайды Елорда Инфо. 

29-ына ауған түні қала көшелерін қардан тазалауға 580 техника бірлігі мен 112 жол жұмысшысы жұмылдырылып, қала сыртына 1 178 рейс жасалса, бүгін күндізгі ауысымға 916 арнайы техника мен 1 756 жол жұмысшысы шықты. 

Жалпы осы уақытқа дейін полигонға 1 252 657 текше метр (104 358 рейс) қар шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы