423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында «Нұрлы жер» бойынша көп қабатты бес үй қолданысқа берілді

  • 800
  • UPD: 17:48, 29.12.2019

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 5 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл баспаналар «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында бой көтерді.

Бұл жаңа ықшам ауданнан 18 пәтерлі 6 тұрғын үй салынуда. Оның 5-еуінің құрылысы жаңа жыл қарсаңында аяқталып, 90 отбасы баспаналы болды.  

Жаңа пәтерлердің кілті тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға берілді. Солардың бірі 23 жастағы Жарылқап жуырда ғана отбасын құрған. 

Жарылқап Демесінов, Қазалы ауданының тұрғыны:

- Үйіміз өте жақсы жерде сапалы салынған. Екі бөлмелі, өзімізге қолайлы. Өзіміз негізі жас отбасымыз. Осы Жаңа жыл қарсаңында осы үйді беріп жатқаны үшін рақмет айтамыз. 

Жалпы Қазалы ауданында 57 мыңдай тұрғын болса, олардың мыңнан астамы тұрғын үй кезегінде тұр. Сондықтан келесі жылы осы аумақтан тағы бір тұрғын үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Мұнан бөлек алдағы уақытта 12 көп қабатты үй салу жоспарда бар екен. 

Қуаныш Жұбатқанов, Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Осы алдарыңызда тұрған 6 үй 18 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй. Жалпы сметалық құны 1 млрд 61 млн теңге құрайды. Әр үйде 12 екі бөлмелі, 6 үш бөлмелі тұрғын үйлер. Осы құрылысы 2017 жылдың аяғында басталып, 2019 жылы аяқталып отыр. 

Айта кету керек, соңғы 6 жылда өңірде 3,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек осы жылы 46 көп қабатты үй салынды. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев

Хабар 24 телеарнасы