419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы үйлердің ауласында коньки тебу айдыны жұмыс істейтін болады

  • 599
  • UPD: 20:36, 29.12.2019

Петропавлдықтар жаппай конькиге тұра бастады. Себебі шахарда кәсіпкерлермен пәтер иелері коперативтерінің көмегімен аулаларда жасанды мұз алаңдары құйылып жатыр. Биыл шахарда 40-қа жуық коньки тебу айдыны жұмыс істейтін болады. Қыстың қызығына кенеліп, спортты серік еткен жандармен аймақтағы әріптесім Самат Қайырденұлы кездесіп қайтты.

Игорь Дубинец - пәтер иелері коперативінің төрағасы. Бұрындары өзі де кәсіби түрде хоккеймен айналысқан. Спорт арадагері зейнет жасына жақындаса да, балғындарға деп жылда мұз айдынын жасайды. 

Игорь Дубинец, ПИК төрағасы:

- Мұның барлығы әрине кейінгі ұрпақ жастар үшін. Кейде демалыс күндері жүздеген адам келіп, уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізеді. Тіпті жасөспірімдер өзара жарыс ұйымдастырады. Өйткені бұл барлық талаптарға сай келетін  хоккей корды. Өзімізде ара -тұра келіп сырғанап тұрамыз. 

Балалар үшін қыстың қызығы – коньки тебу. Сондықтан каникулдағы оқушылар қазір мұз айдындарына көптеп ағылады.  

- Ну вот  у нас сегодня 42  сезон открытие нашего зимнего сезона. 

Міне бұл хоккей кордының жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасырға жуық уақыт болған. Жастар жазда мұнда футбол, баскетбол, волейбол ойнаса, күн суытқан кезде қыстың қызығына кенеледі. 

Максим Андронов, қала тұрғыны:

- Мен өзім осы үйде тұрамын. Күнде кешкісін достарымызбен шығып, коньки тебеміз.  Осылайша таза ауада спортпен шұғылданып, керемет әсер аламыз. 

Аулаларда мұз алаңдарын алу бастамасын жергілікті билік бастап, кәсіпкерлермен пәтер иелері коперативі қостап әкетті. 

Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

- 100 пайыз 26 каток салынды. 4 жабық каток бар қаланың ішінде. Ол катоктарды салынып жатқан КСК төрағалары бойынша бірге. Қаланың біздің кәсіпкерлеріміз бәріміз қосылып солай жабылып салып жатырмыз. 

Биыл облыс орталығында коньки тебу үшін 36 арнайы орын дайындалады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әлдқайда көп.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы