420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөздік оқушы тоқпен жүретін шынжыр табанды трактор ойлап тапты

  • 470
  • UPD: 08:04, 30.12.2019
Аягөздік оқушы тоқпен жүретін шынжыр табанды трактор ойлап тапты

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында тұратын11-сынып оқушысы Саятбек Мейрамбеков инновациялық жоба жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас ғалым ауыл шаруашылығына арналған шынжыр табанды техниканы тоқпен жүргізді. Оның ойынша, ең бастысы дизель отынын пайдаланбайтын трактор қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Уақытты үнемдеп, еңбек өнімділігін арттырады. Екі жыл уақытын сарп еткен жас өнертапқыш туындысы таяуда облыстық старт-ап жобалар байқауында жеңімпаз деп табылып, 576 мың теңге грантқа ие болыпты. Саятбектің ендігі арманы – осы қаражат арқылы жобаны жетілдіре түсу.

Саятбек Мейрамбеков, жобаның авторы:

- Мұны жасауға 30 мың теңге ғана кетті. Алдыға жылжытылған жақсы түрін жасап бере аламын. Осы жобаны жалғастырсам деймін. Өйткені тоқ өзекті және де болашақта мұнайдың орнын осы тоқ алмастырса, ол өте жақсы шешім болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы