423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХА жаңа жыл қарсаңында балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады

  • 763
ҚХА жаңа жыл қарсаңында балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады

Елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері балаларға шырша мерекесін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қайырымдылық шарасы игі дәстүрге айналған. Биылғы мерекеге 150 бала қатысты.

Жаңа жыл - ғажайып мереке. Әсіресе балалар үшін. Ертегі кейіпкерлеріне жан бітіп, сиқырлы әлемге жетелейді. Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА өкілдері де ерекше қамқорлыққа зәру балалар мен оқу озаттарына осындай көңіл күй сыйлады.

Дәуіт Генхузов, қалалық ҚХА мүшесі, кәсіпкер:

– Қалалық ассамблеямен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Қалалық ассамблеяда өте жақсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондықтан біз осы жердеміз. Жұмыстары көрінуде. Біз де қосылып, тамаша мерекені бірге өткізіп жатырмыз. Барлығы шын жүректен. Осындай мейрам болып жатқандықтан, балалардың көңіл-күйлерін көтеру қажет.

Безендірілген шырша, түрлі костюмдегі балғындар – бүгінгі мерекенің көркі. Бірақ басты кейіпкерсіз мейрам мейрам ба? Шырша мерекесінде қарақшылар тышқанды алдап-соғып алып кетеді. Алайда ақылды балалардың көмегімен жыл басы аман-есен оралады. Сөйтіп, жер бетіндегі ең көңілді мереке бастауын алады. 

Қалалық ассамблеяның биылғы қайырымдылық шаралары осылай қорытындыланды. Түрлі ұлты өкілдері 150 бала ерекше сыйлықтарға ие болды. Бастысы, жаңажылдық көңіл күй жаңа бастамаларға негіз болары сөзсіз.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Марат Дихамбаев

Хабар 24 телеарнасы