376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сары-Шаған жол дистанциясы директоры 16 млн теңге ұрлағаны үшін сотталды

  • 187
  • UPD: 11:54, 30.12.2019
Сары-Шаған жол дистанциясы директоры 16 млн теңге ұрлағаны үшін сотталды

ҚТЖ Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін «Жамбыл магистральды желісінің бөлімі» – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т.С.Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген.

Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрысының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.

Биыл 26 желтоқсанда Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының үкімімен Т.С.Қыдырбаев кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Ақпарат көзі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы