378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин тиісті тұлғаларға заң жобаларының сапалы орындалуын міндеттеді

  • 148
  • UPD: 12:43, 30.12.2019

2020 жылы заң жобаларын енгізу мерзімдері бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасын қараған Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты. Биылғы жылдың жоспарына 32 заң жобасы кірді. Олардың барлығы Парламентке енгізілді. Әзірленген заң жобаларының арасында «Педагог мәртебесі туралы» заң, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» мен экологиялық кодекс бар. 2020 жылға Елбасы мен Президент тапсырмаларын орындауға 17 заң жобасы енгізілді. Яғни жаңа заң жобалары әзірленеді. Оның ішіне Ардагерлер туралы, Өсімдіктер әлемі және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін тағы да басқа бірқатар заң жобалары кірген. Үкімет басшысы тиісті тұлғаларға заң жобаларының сапалы орындалуын міндеттеді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Заң жобаларын енгізу мерзімдерін сақтауды қамтамасыз етіп, сапасына аса назар аудару қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмыстарын бақылауды тапсырамын. Бұдан былай, жоспарлы заң жобаларын енгізу бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы демалыс күндері барлық мемлекеттік құрылымдар мен обыс әкімдеріне Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік шараларын арттыруды тапсырды.   

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Алдағы мереке күндері өңірлердің әкімдері барлық қызметтердің кезекшілік кестесін қатаң сақтауы қажет. Жылумен және электрмен жабдықтау тұрақты болуы керек. Алдын ала болжам бойынша, қаңтар айында қатты аяздар күтілуде. Сонықтан барлық параметрлер нормаларға сәйкес болуы тиіс. Әкімдер жылыту маусымын жеке бақылауда ұстауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы