420,89 498,75 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Documentolog» компаниясы қаржы мен уақытты үнемдейтін жаңа жүйені іске қосты

  • 480
  • UPD: 14:07, 31.12.2019

Documentolog компаниясы құжаттарға қол қоюды электрондық түрге алмастыруда жаңа Doculide платформасын іске қосты.

Соның арқасында құжатты рәсімдеуге, қол қоюға жұмсалатын 2 мың теңге үнемделеді. Бұл тиімді жүйенің қызметін компания өз серіктестерніне тегін көрсетеді.

Doculide жүйесі құжаттарға қол қоюды электрондық түрге алмастыру арқылы экономикалық тиімді. «Ол құжат айналымындағы қағазбастылықтан арылтады әрі ақпараттық тұрғыдан өте қауіпсіз», – дейді компания өкілдері.

Мадина Досмағамбетова, «Documentolog» ЖШС басқарма басшысының даму жөніндегі орынбасары:

– Барлық мәлімет біздің жүйеде 10 жыл сақталады. Оларға қол қойылған соң өзгерту мүмкін емес. Жүйе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық жауап береді. Екіншіден, бұл өте жылдам әрі тез. Қол қоюға небары 5 минут кетеді. Және оларды қағазға көшірудің еш қажеттілігі жоқ.

Айгүл Аупейісова, «Documentolog» ЖШС жобаларының бас менеджері:

– Әр келісімшарт құжатына 519 теңге қаржы жұмсалады. Оның 219 теңгесі қағазды басып шығаруға, ал 300 теңгесі курьерлік қызметке төленеді. Бұдан басқа акт толтыру, мекемелер арасындағы хат-хабар алмасуға кететін уақыт бар. Қорыта айтқанда, бір келісімшартқа 2 076 теңге жұмсалады. Ал Documentolog жүйесі соның барлығын үнемдейді.

Doculide жүйесінде контрагенттер туралы барлық ақпаратты алып тексеруге болады. Бұл шағын және орта бизнес өкілдері үшін тиімді.

Амангелді Сәдуақасов, «Documentolog» ЖШС жобаларын басқарушы:

– Бүгінгі күні Documentolog порталында 8 мың контрагент тіркелген. Олардың салықтық қарыздары бар ма, банкрот па, мемлекеттік сатып алу порталында сенімсіз жеткізуші пе? Соның бәрін тексеруге болады. Бұл өте ыңғайлы.

Doculide қызмет түрі компания контрагенттері, яғни жүйені қолданушылар үшін тегін көрсетіледі. Әрбір тіркелушіге 200 мегабайт кеңістік беріледі. Бұл 4 мыңға жуық келісімшарттарды тегін жасасуға мүмкіндік береді.

Авторлары: А.Сәдуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы