381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балаға зорлық көрсеткендер өмір бойы түрмеге тоғытылады

  • 275
  • UPD: 14:58, 30.12.2019
Балаға зорлық көрсеткендер өмір бойы түрмеге тоғытылады

Бұдан былай зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері ауыр санаттағы қылмысқа жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жас балаға қатысты зорлық көрсеткендер 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Баланы жазым еткендерге де аяушылық жоқ. Сонымен қатар педофилия фактілерін біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламай жасырғандар 6 жылға дейін түрмеге тоғытылады. Бас прокурордың орынбасары адам өлтірген, педофил, экстремис, тұрмыстық садистер, есірткі сатушы және ұйымдасқан қылмысқа ешқашан жеңілдік болмауы тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ғаламтор арқылы есірткі тарататындарға қатысты да жаза күшейтілмек.

Хабар 24 телеарнасы