377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының Май ауданында инклюзивті ойын орталығы ашылды

  • 115
  • UPD: 18:09, 30.12.2019

Ауылдық жерде бірінші рет жұмысын бастаған мекеме барлық балаларға бірдей қызмет көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталықты өзі де ерекше бала тәрбиелеп отырған жергілікті кәсіпкер Елена Плаксина ашып отыр. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыруды көптен бері армандап жүрген екен. «Бастау бизнес» бағдарламасына қатысқан нәзік жан оқыту курсын тәмамдаған. Бизнес жоспарын сәтті қорғап шыққан ол жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемеде 2,5 миллион теңге несие алыпты. Инклюзвті орталықтың ашылуына орай жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Барлық балалар Аяз ата мен Ақшақардың сыйлығына ие болды.

Елена Плаксина, кәсіпкер:

Мен бұл орталықтың ары қарай дамығанын қалаймын. Үлкен ғимарат болса екен деймін. Балалардың тек батутта секіріп ойнауын емес, сурет салып, қолдарын жаттықтырып, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасағым келеді. Бізде міне, ермексаз, салбалшық бар. Өздігінен жүре алмайтын, арбада отыратын балалар батутта ойнай алмайды. Оларға арнап келешекте караоке алып берсем деймін. Балалар ән айтып, өнерге ден қояды.

Айымгүл Әбдіғалықова, Көктөбе ауылының тұрғыны:

Әрине, осындай орталық бізге қажет болды. Осы «Балапан» орталығының ашылғанына өте қуаныштымыз. Бізде ата-аналарға осындай балаларға бұл орталықтың, жалпы біз үйден шықпаймыз ғой. Тек қана дәрігер, үй солай ғана бізде. Осы ауылда ашылғанына біз қуаныштымыз. Айтатын сөзім жоқ менің. Біздің балаларымыздың мүмкіндігі шектеулі болса да, кейбіреуінің ақыл-ойы болмаса да, оларға осындай орталық қажет болған.

Хабар 24 телеарнасы