378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа жылды Бурабайда қарсы алатындар көбейді

  • 189
  • UPD: 18:43, 30.12.2019
Жаңа жылды Бурабайда қарсы алатындар көбейді

Елімізде Жаңа жыл мерекесін табиғат аясында тойлайтындардың қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Бурабайдағы қонақ үйлердің 95%-ке жуығы қазірдің өзінде алдын ала тапсырыс алып қойған. Ал, бұл 4 мыңнан астам адам қысқы демалысты курортты өлкеде өткізеді деген сөз. Аталған көрсеткіш өткен жылғы мерекелік күндермен салыстырғанда 10%-ке көп. Одан бөлек, бөлме жалдамай-ақ, келіп-кететін туристер қаншама. Ал, келушілер үшін мұнда 10 шақты жерден қысқы ойын-сауық түрлері әзірленген. Жалпы Бурабайға жыл сайын 1 млн-ға жуық турист табан тірейтін болса, солардың 30%-тен астамы қыс мезгілінде келеді екен. Ал, оларды 100-ден астам туристік нысан қарсы алады.

Жайнагүл Қаппасова, туристік-ақпараттық орталық менеджері:

- Біздің туристік нысандар, яғни, қонақ үйлер, отельдер, олар арнайы туристерге қызықтыратын бағдарламалар дайындап отыр. Жаңа жылды қарсы алатын бағдарлама дайындап, сонымен қатар, қысқы ойын-сауық түрлерін дайындап отыр. Яғни, ол балалар болсын, ересектер болсын барлығына жағымды болады.

Хабар 24 телеарнасы