429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да әйел мен баласын өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айрылды

  • 455
  • UPD: 21:01, 30.12.2019
СҚО-да әйел мен баласын өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айрылды

Солтүстік Қазақстан облысында Игорь Дементьевтің ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыскер биыл жазда Мамлют ауданында 39 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызын пышақтап өлтірген болатын. Өткен айда облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты оның кінәсін толығымен дәлелдеп, 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.

Алайда, прокурорлармен жәбірленуші тараптың бастамасымен іс апелляциялық сотта қайта қаралды. Сот алқасы төрағасының шешімімен енді қаскөй өмірінің соңына дейін түрмеде отырады.

Владимир Кириленко, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлімінің негізінде Деменьтевке өмірбақи бас бостандығынан айыру түріндегі түкпілікті жаза тағайындалсын. Жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Сондай-ақ жәбірленуші отбасы мүшелерінің әрқайсысына 2 миллион емес, 5 миллион теңгеден өтемақы төленсін.

Хабар 24 телеарнасы