377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


13 жастағы көкшетаулық ұлпа қарға «Хабар» арнасының логотипін салды

  • 115
  • UPD: 23:35, 30.12.2019

13 жастағы көкшетаулық ұлпа қарға өрнектеп, «Хабар» арнасының логотипін салды.

Өз еңбегін үй ауласындағы футбол алаңында жасап, оны бастан-аяқ бейнекамераға түсіріп алған. Сөйтіп, әлеуметтік желіге жүктеген. Ахмет бұған дейін де осылай бірнеше мәрте қарға сурет салып, көпшілік назарына ұсынған екен. Енді ол «осы бағытты дамытсам», дейді. Сол үшін инстаграммнан арнайы парақша да ашпақ. Ал, «Хабар» атты жазуы ғаламторда қазір кең таралып кеткен.

Ахмет Қазақбай, 7-сынып оқушысы:

Сол биіктен түсіріп, соны салғам. Бір күнде 70 мың кісі қараған соны. Енді анда менің тағы бір жобам бар. Үй салғым келген сол қардан. Оны да солай суретке түсіріп, солай жіберейін дегенмін.

Хабар 24 телеарнасы