376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bek Air басшысы: Ұшақ апатына ілеспе жел әсер етуі мүмкін

  • 243
  • UPD: 22:22, 30.12.2019
Bek Air басшысы: Ұшақ апатына ілеспе жел әсер етуі мүмкін

Fokker 100 ұшағы әуежай маңындағы үйге соғылмағанда, адам өлімі болмайтын еді.

Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов мәлімдеді. Кездесудегі алғашқы сұрақ Bek Air-дің үнсіздігі жайында болды. Компания басшылары жерлеу рәсімімен айналысып, жарақат алғандар мен апат жайында ақпарат жиғандарын айтты. Олардың пікірінше, Fokker 100-ден бір минут бұрын көкке көтерілген «Эйр Астана» компаниясына тиесілі Airbus А321 Neo ұшағынан қалған ілеспе жел апатқа әкелуі ықтимал. Кез келген ұшақ ұшқанда артында ілеспе жел қалады. Салмағы салмағы мен қанаты неғұрлым үлкен болса желдің күші де көп болады.

Нұрлан Жұмасұлтанов, Bek Air әуе компаниясының басшысы:

- Егер үйге соғылмағанда ұшақ қирап қалмайтын еді. Мен әуежай қызметінің бейнебақылауынан ұшақтың үйге соғылмай тұрып сау болғанын өз көзіммен көрдім. Осы үй болмағанда, барлығы тірі, әрі сау қалар еді. 2016 жылы біздің ұшақтың алдыңғы шассисіз қонғанын көрдіңіздер ғой.

Хабар 24 телеарнасы