423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 43 бейнебақылау камерасы іске қосылды

  • 642
  • UPD: 23:29, 30.12.2019

Түркістан қауіпсіз қалаға айналып келеді. Себебі қазан айында шаһардағы жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 43 бейнебақылау камерасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа камералардың ерекшелігі мүмкіндігі қандай? Соңғы екі айда бейнебақылау камераларының көмегімен қанша құқық бұзушылық анықталды?

Әкірамжан Әбдікәрімов – Түркістан қаласының тұрғыны. Жылдамдықты асырамын деп камераға түсіп қалған. Енді айыппұл төлеп отыр. 12600 теңгені 7 күн ішінде төлегендіктен, 50%-і кешіріліпті. «Өзі соғанда шүкір» деп отыр.

Әкірамжан Әбдікәрімов, қала тұрғыны:

- Жол ережесін өзіміз бұзамыз. Ереже бұзбасаң, бұндай болмайды. Бұрын бұрылатын кезде жарықты қоспайтын едік, қазір ондай жоқ. Ереже бойынша жүріп жатырмыз. Жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаймыз. Бұрын тоқтамайтынбыз. Қазір заң бойынша жүреміз. Ереже бұзбауға тырысамыз.

Қазір қалада құқықбұзушылықты автоматты түрде анықтайтын 43 камера жұмыс істейді. Оның 34-і қоғамдық тәртіпті бақыласа, 9-ы жылдамдықты асырғандарды қадағалайды. Оның біреуі – соңғы үлгідегі Интегра құрылғысы. Ол бағдаршамның қызыл түсі мен жол белгісінен өтіп кеткен көліктерді анықтайды.

Алмасбек Тастамбеков, облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- Қазір көріп тұрғандарыңыздай, біздің мына қабырғамызда 43 камерағы шығарылып қойған мониторлар бар. Операторлар күнделікті жүзден аса құқықбұзушылықты анықтап отыр. Қала бойынша қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігі болсын, қылмыс орын алған жағдайда бұлар қарап отырады. Қылмскердің қайда кеткенін монитордан бақылап, жолын қарап, тиісті бағыттарға хабар береді.

Өңірдегі осы бейнебақылау камералары қосылғалы бері 50 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, нәтижесінде 500 млн-нан астам айыппұл салынған. Ал жыл басынан бері Түркістан қаласында 2,5 мың құқық бұзушылық анықталып, 12 қылмыстың ізін суытпай ашуға септігі тиген.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы