376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жаңажылдық Santa bus ерекше автобусы жолға шықты

  • 115
  • UPD: 09:22, 31.12.2019

Қостанайда іші-сырты жаңажылдық атрибуттармен безендірілген ерекше автобус пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қоғамдық көлік бірнеше күннен бері балаларды тегін тасымалдап жүр. Автобус ішінде ертегі кейіпкерлерінің киімін киген еріктілер жолаушыларға барынша көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысады.

Вячеслав Лабор бұрынғыдай тек автобусының техникалық жағдайын ғана емес, жаңажылдық безендірілуінде күнде бақылап отырады. Ол көлігінің ішін сурет, жылтырақтармен өз қолымен сәндеген. «Балаларға ертегі әлемінде жүргендей әсер бергім келді», - дейді.

Вячеслав Лабор, автобус жүргізушісі:

Бәрі балалар үшін. Олардың күлкі, қуанышын көру мен үшін бақыт.

Аяз ата, басқа да ертегі кейіпкерлері балалармен ән айтып, жұмбақ шешіп автбус ішін қызық-думанға бөлейді. Мұндағы мерекелік көңіл-күй сырттағыларға да таралып жатты. Әсіресе, қоғамдық көліктегі ерекше ертеңгіліктің куәсі болған балғындардың көңілі шат.

Мерекелік автобусқа мінген топ арнайы маршрут бойынша бірқатар нысандарда болып, ойын ойнап, бой жазды. Әрине, жаңа жылда әсіресе, балалардың сыйлық күтетіні түсінікті жәйт. Қарап отырсақ, қазіргі буынның талғамы да жоғары.

Соңғы аялдама – мұз айдыны сарайы. Бұл ебалалар тегін коньки теуіп, мәре-сәре болды.Аяз ата тәтті сыйлықтар таратты. Өңірде алғашқы рет қолға алынған әлеуметтік жоба негізінен көп балалы және тұрмыс жағдайлары төмен отбасы балаларын қамтыды.

Валерия Гоман, ерікті:

Бұл шара балалардың көңілінен шыққандығын байқадық. Біздің костюмдеріміз,эмоциямыз, ойын-сауықтарымыз оларға ұнағанын өздері де айтып жатыр. Ойымыздың іске асқанына бізде ризамыз.

Осы күндер ішінде жаңажылдық автобус 500 балаға қызық-қуаныш сыйлады. Бұл енді дәстүрлі шараға айналмақ.

Авторлары: Мағауия Қалиев , Ермек Мухамедьяров

Хабар 24 телеарнасы