377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада Жастар жылы қорытындыланды

  • 164
  • UPD: 23:32, 30.12.2019
Қызылордада Жастар жылы қорытындыланды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен биыл 75 іс-шара ұйымдастырылып, оған 10 000-нан астам жас қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар жылына орай жүзеге асырылған арнайы жол картасы аясында патриоттық мәні бар кездесулер мен ұлттық спорт сайыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ Сыр жастарының бір шоғыры «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясының құрамында саяхатқа шықты. Түрлі этнос жастарының слеті, семинар-тренингтер мен экологиялық шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Белсенді кіші буын өкілдері түрлі қайырымдылық акцияларынан қалыс қалмады. «Ал «Жаңа толқын жобалары» атты әлеуметтік жобалар байқауы жастар саясатын дамытудағы жаңа идеяларға жол ашты», - дейді ұйымдастырушылар.

Айбек Дайрабай, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы:

- Қазақстан Халқы ассамблеясының тағы бір бағыты ол – қайырымдылық бағыты. Бұл бағытта жастарымыз көптеген іс-шаралар өткізді. Оның ішінде балалар үйі, қарттар үйі, «Достық» үйінің айналасында да біршама іс-шаралар өткіздік. Оның ішінде көп балалы аналарға, жағдайы төмен отбасыларға да материалдық тұрғыдан көмектерін көрсетіп, ұйымдастырып жүр.

Хабар 24 телеарнасы