380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысының тұрғыны Жаңа жыл қарсаңында жерлестеріне жаңа үй сыйлады

  • 192
  • UPD: 23:42, 30.12.2019
Маңғыстау облысының тұрғыны Жаңа жыл қарсаңында жерлестеріне жаңа үй сыйлады

Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында салынған үйлер әлеуметтік аз қамтылған үш отбасына берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірі жалғызбасты ана, енді бірі мүмкіндігі шектеулі жандар. «Туған жерге тағзым» шарасы аясында игілікті іс атқарған азамат осы ауылдың түлегі. Кәсіпкер аумағы 500 шаршы метрді құрайтын үйді бір жылда тұрғызған. Әр үй 3 бөлмеден тұрады. Онда қажетті тұрмыстық техникалар мен жиһаздарына дейін дайын. Жаңа жыл қарсаңында жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Жалпы Түпқараған ауданында 700-ден аса адам үй кезегінде тұр. Олардың ішінде көп балалы аналар, мұқтаж жанұялар да бар. Қазір ауданда 80 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Келесі жылы 80 пәтер қолданысқа берілмек.

Роза Сембай, Ақшұқыр ауылының тұрғыны:

- 3 балам бар. Жаңа жылға маған үлкен сыйлық болды. Балаларым қуанышты. Бала-шағам аман болсын, ішінде той болсын.

Хабар 24 телеарнасы