376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 800-ден астам мекеме басшысы кең кабинеттен шағын бөлмеге көшкен

  • 104
  • UPD: 10:21, 31.12.2019
Алматы облысында 800-ден астам мекеме басшысы кең кабинеттен шағын бөлмеге көшкен

Жыл басынан бері Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 141 іс қозғалған. Соның 101-і пара алуға байланысты болып отыр.

11 адам қызмет бабын асыра пайдаланған. Мұндай мәліметтер Талдықорғанда өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өңірлік департаментінің жиынында айтылды. Қоғамдық кеңес отырысында атқарылған жұмыстар сараланып, қорытындысы шығарылды. Мәселен, биыл 63 жауапты қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Одан бөлек 800-ден астам мекеме басшысы кең сарайдай кабинетінен шағын бөлмеге көшкен. Басқосуда жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресте белсенділік танытқан қоғамдық ұйым, мемлекеттік мекеме және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталып, сый құрметке бөленді. 

Аманжол Жазықбаев, облыстық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

- Спейшл форматындағы кабинеттердің ашылуы бойынша біз үлкен көрсеткіш біздікі. Және Сервистік әкімдік ашу бойынша облыстың 5 аудан қаласында Сервистік әкімдік ашылып жұмысын жүргізіп жатыр. Көп көрсеткіштер бойынша Алматы облысы алдыңғы қатарда. 

Данияр Тұрғанбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департамент басшысы:

- Келесі жылы қаңтар айында Анткор сервистік орталығы ашылады. Антикор сервистік орталығына  әрбір азамат сол жаққа келіп,  қандай болса сұрақтар болса, біз оған жауап беріп, көмектесуге біздің мақсатымыз сол.

Хабар 24 телеарнасы