430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында Жастар жылына арналған форум өтті

  • 814
  • UPD: 10:44, 31.12.2019

Өтіп бара жатқан жыл ауыл жастары үшін елеулі оқиғалармен есте қалды. Павлодар облысындағы Май ауданында жыл қорытындысы бойынша форум өтті.

Ауданның «Армандастар» жастар орталығында белсенді көзқарасымен танылған  бір топ азамат марапатталды. Кездесуге қатысушылар  алдағы жылы атқарылатын жоспарларын ортаға  салды. Мемлекет басшысы 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Бұл үлкен жауапкершілік. Сондықтан ауданда еріктілер ұйымы құрылған. Бүгінгі таңда ниет білдірген ауыл жастары оған  мүше болып  жатыр. Көмекке мұқтаж жандарға  қол ұшын беру, қиындыққа тап болғандарға қолдау көрсету - еріктілердің ұраны. Соңғы жылдары Май ауданы жастарының қатарын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен   келген  мамандар толықтыру үстінде.  

Жұпарзат Бағлан, физика-математика пәнінің мұғалімі:

- Жастарға, яғни келер ұрпаққа жақсы білім беріп, оларды шығармашылыққа баулып яғни өмірге жолдарын түзетер біз ұстаздар қауымы,  жас мамандар, біз соған атсалысамыз. Келесі жылда осы ұстаздық жолда қызмет етіп жатырмын ғой. Мектепте осы оқушылармен көбірек жұмыс жасап, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз және соған жұмыс жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы