379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы алты жылда 7 мыңнан астам қызылордалық тұрғын үйлі болды

  • 182
  • UPD: 12:23, 31.12.2019

Жаңа жыл қарсаңында Қызылордада көп қабатты 5 тұрғын үй қолданысқа берілді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға табысталған бұл баспаналар Сырдария өзенінің сол жағалауынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Жалпы жаңа қала аумағынан бүгінде 820 пәтерлік 16 көп қабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көп қабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылыстары жүргізіліп жатыр. Ал соңғы 6 жылда Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан аса қызылордалық баспаналы болды. Биыл да құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 164,7 пайызға артқан. Жалпы өңірде жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 31,4 пайызы облыс орталығының үлесінде. 

Рыскүл Исабаева, көп балалы ана:

- Үйді алып жатырмыз, 2006 жылдан бері кезекте тұрамын, 13 жыл болды тұрғаныма. Көп балалы анамын, 7 балам бар. Квартирада тұрдық. Қайын ағаларымыздың үйінде тұрдық. 3 бөлмелі пәтер беріп жатыр. Сол жағалау деген жер бұл. Күшті салынған, жақсы жері. Қаншама халық тұрып жатыр. Қуанышымызда шек жоқ.

Хабар 24 телеарнасы