379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» арнасының тілшілері биылғы жылдың айтулы оқиғаларын еске алды

  • 253
  • UPD: 13:58, 31.12.2019

«Хабар 24» арнасының тілшілері жыл бойы, тәулік сайын қалың бұқараға ең маңызды деген ақпаратты жеткізумен келді. Оның ішінде бірқатары елді елең еткізді. Редакция ұжымы жасаған айтулы жаңалықтарды тағы бір саралап, қайта еске түсірсек.

Асхат Ниязов, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі:

- Ирак астанасы Бағдадқа жұмыс сапармен барғанбыз. Отандық дипломаттармен қазақстандық балаларды от пен оқ ортасынан алып шықтық десек болады. Көбінің әкелері соғыста қаза тапқан болса, аналарын лаңкестікке қатысы бар деп айыптап, өмір бойына бас бостандықтарынан айырған. Біздің дипломаттар Бағдаттағы абақтылардан балалармен бірге аналарын да елге қайтару туралы келіскен. Бізге тілшілер үшін қауіпті аумаққа бару емес, кішкентай балалардың мұңға толы жанарларын көру қиын болды. Өйткені кейбір аналар балаларының көз алдында өздерін жарып жіберген.

Әлия Сыздықова, «Хабар 24» арнасының франциядағы тілшісі:

- 2019 жылы Франциядағы шерулер толастамады. Біздің түсірілім тобымыз үшін қауіпті болғаны рас. Жыл басында сондай ереуілдердің бірінде алдыма үлкен жұмыр тас құлап түсті. Сәл алға қарай қадам басқанымда аман қалуым екіталай еді. Ал биылдың қараша айында тағы да бір манифестация болды. Полиция жағдайды бақылауына алу үшін алаңнан шығар жолдарды жауып тастап, көзді жасаурататын газды қолданды. Шеңберден шығу үшін жүгіріп бара жатқанда маған газға толы шашка бағытталғанын сездім. Қорыққанымнан айқайлап жібергенім есімде. 

Хабар 24 телеарнасы