428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WhatsApp кейбір смартфондарда жұмыс істеуін тоқтатады

  • 631
  • UPD: 14:22, 31.12.2019
WhatsApp кейбір смартфондарда жұмыс істеуін тоқтатады

WhatsApp мессенджері 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқалары орнатылған смартфондарда жұмысын тоқтатады, деп хабарлады ria.ru.

Қосымшаның жұмыс істеуі үшін Android жүйесінің 4.0.3 және одан жоғары нұсқасы немесе iOS 9, KaiOS 2.5.1 және одан кейінгі нұсқасы бар құрылғы болуы керек.

Егер құрылғыларда бағдарламалық жасақтаманың ескі нұсқалары орнатылған болса, онда WhatsApp қолданушылары бұдан былай қосымшаға тіркеле алмайды және өз аккаунтын пайдалана алмайды.

Компания ескі операциялық жүйелерді әзірлемегендіктен, қосымшаның кейбір қызметтері кез келген уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін.

31 желтоқсанда Windows Phone қолданушылары да мессенджерді пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Хабар 24 телеарнасы